Abstract: In the article іs devoted to forming of everyday language in the field of economics.
Keywords: vocabulary, word derivation, everyday language, jargon
Қазақ тілінің қазіргі жағдайдағы өзгерістері қоғамдағы өзгерістерге байланысты, атап айтқанда, мемлекетте нарықтық экономиканың дамуы, бұл өз бойында көптеген жаңа экономикалық және қаржылық қызметтерінің жаңа бағыттарының пайда болуына, сондай-ақ бұрынғы саланың қайта құрылуына және революцияға дейінгі мекемелердің пайда болуына әсер етті. Зерттеушілердің айтуынша, “лексико-фразеологиялық тілдік жүйесінің ішінде ең көп өзгерістерге нарықтық экономика, саясат, шоу бизнес және тұрмыстық техника сияқты тақырыптық салалар ұшыраған”. Сонымен қатар, қазақ тілінің қазіргі заманғы Қазақстандағы жағдайы “қазақ тілінің жылдам варваризациялық, вульгаризациялық және жаргонизациялық процесстеріне бағынуы және де сыртқы және ішкі функцияларының тарылуы” лингвистердің айтарлықтай алаңдаушылығын туғыздыруда.
Жаңа сөздіктердегі нарықтық экономикалық лексиканы анықтай отырып, осы сөздіктерде тек көптеген экономикалық терминологиялар ғана емес, оған қоса ауызекі сөйлеу тілінің лексикасы негізінде, ауызекі сөйлеу және жаргондық сөздердің 100 бірліктен аса лексикасын анықтадық. Ауызекі сөйлеу тілінің лексикасы – жеңіл түрде қолданыла отырып және кодификацияланған кітап тілінің лексикасымен (әдеби тілдің шеңберінде) қайшыласа отырып, әдеби тілдің бір түрі болып табылады.
Экономикалық сөздіктерде ауызекі сөйлеу тілінің лексикасы қазақ тіліне соңғы 20 жылдың ішінде енген және пассивтен активке көшкен экономикалық терминологиясымен байланысқан. Мысалы, акцизка – акциздік карта (акциз – тауардың құнына немесе қызмет көрсету комиссиясына қосылған кең қолданыста жүретін тауарлардың жанама салығы); оффшорка (оффшор – шетелдік серіктестермен жүргізілетін кредиттік операцияларға преференциалдық режим білдіретін бірлескен қызмет орталығы; басқа фирманың территориясында жұмыс істейтін компания). Әдетте, —к— жұрнағымен бірге қолданылады. [Акциздік маркаларды қылмыскерлер қорғаныс зауыттарында орналасқан “Доминанта” кәсіби жабдықтарында басып шығарған. ..Акцизки, арнайы жабдықтардың көмегінсіз ұқсатып жасалғандарды түпнұсқасынан ажырату мүмкін емес еді (Московский комсомолец, 22.10.02)].
Осы топтың лексикасында ерлер мен әйелдерді анықтайтын сөздердің басымдылығы анықталды, мысалы: менеджерша – басқару саласындағы әйел-кәсіпкерлер; банкирша; дилерша (тауарларды, құнды қағаздарды және т.б. сату немесе сатып алу барысында сатушылармен және сатып алушылардың арасында биржалық немесе сауда-саттық делдал болып табылатын адам немесе компания), сонымен қатар -ш- жұрнағы әйел адамдарды атайтын өнімді болып табылады; таймшерщик – таймшер қызметтерін атқаратын ұйым қызметкері; фондовик – қор нарығының, қор биржасының қатысушысы; бюджетник – бюджетте орналасқан мекеме қызметкері және т.б.
Экономикалық салада пайдалынатын ауызекі сөйлеу тілінің лексикасының ішінде “ана тілінде сөйлейтіндерге немесе соңғы жылдары өзекті болғандарға дағдылы сөздерден пайда болған: беззарплатный; магазинщик – дүкен иегері, басқарушы; налоговик; богачиха, богачка; коробейник, коробейница – ұсақ саудамен айналысатын көшедегі сатушылар; антирыночник; недоимщик – салықтар немесе басқа да алымдар төлемейтін жеке немесе заңды тұлға; контрактник; частник” сияқты сөздер басым. [Содан кейін мынадай болды: әлеуметтік сана деңгейінде номенклатуралық басқарма сәйкестендірілді, яғни дүкендердің менеджерлері мен директорлары сияқты жүйені бұзған және одан пайда көргендер сәйкестендірілді… Тап осы кезде магазинщиктер мен номенклатураны тығыз байланыстыратын “мафия” сөзі пайда болды. Тіпті бұрын тек заңды тұлғалармен – мекемелермен және фирмалармен ғана жұмыс істейтін банктер де жеке қожалықтарға басын бұрған. Қазір онда да басқа қиыншылық пайда болды – қай жерге аз пайыздық және қай қаражатқа бірінші кезде несие алу.
Ауызекі тілдегі сөздер экономикалық кітап терминдерімен өзектендірілді және мағына жағынан қатарлас болып келді: взвинтить – бағаны тым күрт көтеру; взвинчивание (взвинтить сөзінен); вздорожание; накрутить – шамадан тыс және негізсіз бағаны (соманы) көтеру, көбінесе алаяқтық, делдалдық қызметтер есебінен; накружка (накрутить сөзінен); обложить – кәсіпорынды (әдетте коммерциялық) кез келген соманы төлету үшін қорқыту, қорқытып алу арқылы күштеу; разбалансировка (разбалансированность); наложка – салық инспекциясы; книжный развал –кітаптарды далада үстелде қойып сататын, сауда орны; банкротиться, вложиться, вкладываться (инвестировать).
Ауызекі сөйлеу тілі лексикасының ішінде қоғамда қолданылып жүрген ақша бірліктерінің және ақша қарым-қатынастарының атаулары айтарлықтай орын алып тұр. Кейбір сөздер шетел валюталарының түр-түсіне ұқсас болып аталған: зеленые-баксы-жасыл қағаз, -дар, көпше түрде (жекеше түрде, зеленый-жасыл -бакс) – АҚШ долларлары (түрлі АҚШ долларларының вексельдеріне байланысты); еврик (евро сөзінен); валютка (валюта сөзінен); зайчик, аббревиатурлы ақша, – бір белорус рубліне тең Белоруссия мемлекетінің ақшалай бірлігі.
Алайда, осы тақырыптық топтық лексикасының үлкен бөлігінің өзгерісіне орыс тіліндегі сөздер түрткі болды, мысалы: грязные деньги-арам ақша – заңсыз, алдау жолымен табылған ақша; деревянный рубль – төмен сатылым қабілеті бар кеңес немесе орыс рубльдері; нал, -а,- қолма-қол ақша; черный нал – ресми құжаттарда тіркелмеген заңсыз қолма-қол ақша; безналичка, и, ж.,- ақшасыз есеп айырысу; фальшивка – жалған қағаз ақша; баксики (ағыл. bucks — долларлар); жидкая валюта – арақ; обменник – валюта айырбастау орны; валютка (валюта сөзінен); валютка – төлем тек валюта құралы ретінде қабылданатын дүкен, мейрамхана, кафе, бар және т.б.; валютчик – шетел валюталарын сатып алып, алыпсатарлықпен айналысқан адам. Жоғарыда айтылған сөздіктерде жаргондық лексика әлдеқайда аз аталған. Өздеріңізге мәлім болғандай, жаргон – «бүкілхалықтық тілге қарағанда арнайы (жиі мәнерлі түрде қайта ойланған) фразеологиясы мен лексикасы бар, сондай-ақ арнайы қолданылатын сөз құрылымы бар әлеуметтік сөйлеу түрі. Жаргон ашық әлеуметтік және кәсіби топтағы адамдарға, қауымдастық мүдделеріне, әдеттерге, кәсіптерге, әлеуметтік мәртебелерге және т.б. қатысты қолданылады (мысалы, теңізшілердің, ұшқыштардың, спортшылардың, музыканттардың, студенттердің, актерлердің жаргоны)».
Жаргонизмнің құрамы толық бірікпейтін жоғарыда айтылған сөздіктермен бірге лингвистикалық әдебиетте де жаргондық лексиканың орнықсыздығы байқалады.
Осыған байланысты, ертеректегі басылған сөздікте кусок сөзі түрлі-түрлі лексиканың тобына жатса, басқа сөздікте жаргондық лексика тобына жатады. «Ағымды лексика ХХІ ғ. басындағы орыс тілінің түсіндірме сөздігіндегі» жаргон сөздерді атап кетейік: башли – ақша; башлеть – біреуге бір нәрсе үшін ақша төлеу (әдетте үлкен сома); бомбить – ақша жасау; заколачивать – ақша табу (әдетте үлкен сомада); грин – АҚШ доллары; зелень – АҚШ долларлары; капуста – ақша (әдетте американдық долларлар туралы); кэш (ағыл. cash) – қолма-қол ақша; бабки – ақша; бабло – ақша.
Нарық І. Сатылатын заттардың тұрақты кұнын білдіретін баға ретінде қолданылатын қазақтың байырғы сөзі. Бұлғын терісі өте жоғары нарықпен бағаланады (Ж.Кенжебаев.Орман). Базар нарқынан артық сұрамайтын (С.Бегалин.Замана). Алайда бұл сөздің ауыспалы мағынасы да жоқ емес. Ол – парық қадір, қасиет (Түсіндірме сөздік.1973).Шіркін дүние-ай! Бір үйдің төресі де өзім болып, ештеңенің нарқын білмедім-ау! (К.Асанов, Сағыныш). Алды көктем, жігіттің арты жаз боп, Асыл енге көрінбес нарқың аз боп (Ғ.Қайырбеков, Қанатты). (М.Ә.Қараев.1993.426.). «Үйдегі сауданы базардағы нарық бұзар» (Мақал). «Нарыққа көнбеген – парыққа көнбес».
Экономикаға байланысты нарық мағынасы.
Лингвистердің айтуы бойынша, қазіргі қазақ тілінің лексикалық жүйесі әлі толық тұрақтанбаған, сондықтан біздің атап айтқан басылымда кеңінен қолданылған ауызекі сөйлеу тілінің лексикасы өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Сол себепті біз экономикалық салада пайдалынатын ауызекі сөйлеу тілінің лексикасының бақылауын жалғастырамыз.
References
1. Сабырбаев Б. Экономикалық терминдердің орысша -қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы. Қазақстан. 1979.2. Толковый словарь русского языка конца XX века. Языковые изменения главный редактор Г.Н. Скляревс- кая, — Фолио-пресс— Санкт-Петербург, 1998 .
3. Загоревская О.В. Русский язык в современной России: соцальный статус и проблемы преподавания // Современная языковая ситуация и совершенствование подготовки учителей — словесников. Часть I. Матери- алы VI Всероссийской научной научно-методической конферренции — Воронеж, 2006.